Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң жобасы сенатқа жіберілді

Мәжілістің жалпы отырысында әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдар екінші оқылымда қабылданды.  Заң жобалары Мемлекет басшысының зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жазаны қатаңдату туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Заңдарда мына нормалар қарастырылған:

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібін реттеуге;

Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген белгілері бар адамдарға уақытша тұруға мүмкіндік бере отырып, оларға қолдау көрсету бөлігінде Отбасын қолдау орталықтарының құзыреттерін нақтылауға;

Қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп жіберуге тыйым салынатын балалардың (16 жасқа толмағандарға қатысты) жасын анықтауға;

16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта қорлап тиіскені үшін қылмыстық жауаптылықты күшейтуге;

Сотталған немесе татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған адамдарға сот белгілеген ерекше талаптарды қолдану шараларын нақтылауға бағытталған бірқатар түзету де енгізілді.

Сондай-ақ, «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасын 82 депутат жақтады. 3 депутат қарсы болды, 5 депутат қалыс қалды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын 82 депутат жақтады, 1 депутат дауыс бермеді, 2 депутат қарсы болды, 6 депутат қалыс қалды.

Бұл заң жобалары екінші оқылымда қабылданып, Сенатқа жіберілді.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны өңір басшысынан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерін жазалауды сұрады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x