Гуманитарлық көмек: СҚО-ға жеті жүк көлігі келді

Солтүстік Қазақстанға жеті жүк көлігімен гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл 700 отбасыны қамтуға жеткілікті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіндері тасқын судан зардап шеккен солтүстікқазақстандықтарға гуманитарлық көмек толассыз келіп жатыр. Бүгін Қазақстандағы тәжіктердің этномәдени орталығы да өңірімізге жеті жүк көлігін жіберген.

 

«ҚХА елде су тасқыны басталғалы «Жүректен жүрекке» атты акцияны бастады. Осы уақыт аралығында 430 млн теңгеден астам сомаға гуманитарлық көмек көрсетілді. Бүгін міне, СҚО-ға да келдік. Бұл жеті көліктің ішінде 700 отбасыға жетерлік азық-түлік, жастық, көрпелер, жалпы керек-жарақтың барлығы бар», – деді  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА республикалық штабының басшысы Акбаржон Исмаилов.

Айта кетейік, бүгін таңертең СҚО-ға Өскемен қаласынан гуманитарлық көмек жеткізілген болатын.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әлі 219 елді мекен су астында қалуы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x