СҚО-да су тасқыны күшейіп келеді

Солтүстік Қазақстанда бұрын-соңды болмаған су тасқыны болып жатыр. 564 үй су астында қалған. 3421 адам эвакуацияланды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде қазір жағдай күрделі. Әсіресе, Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласы тасқын судан зардап шегіп отыр.

«Өзен суы Петропавлдың Заречный кенті, Былғары зауыты шағын аудандарына және Қызылжар ауданының Тепличное, Ольшанка, Вишневка және Прибрежное ауылдарына кірді. Дәл қазір мұнда эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде. Алдағы күндері су әлі көтеріледі. Ол тек аталған ауылдарға ғана емес, Есіл өзені бойында орналасқан барлық елді мекендерге қауіп төндіріп отыр», – деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Су тасқынынан зардап шекпес үшін мамандар, алдын ала қауіпсіз жерге көшуге кеңес береді. Егер ондай мүмкіндік болмаса 112 немесе 109 номеріне хабарласып, көмек сұрауға болады.

Ал шаһардағы ауыз су мәселесіне келетін болсақ, жөндеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Қазір 50 су таситын көлік қалалықтарға суды жеткізіп беруде. Сонымен қатар тұрғындар Бескөл, Якорь, Петерфельд, Белое және Ташкентка ауылдарына барып су ала алады. Түнгі уақытта «Азия» сауда үйі, ПҚЭК жатақханасы, Қизтов к-сі, 3, Парк к-сі, 187, Жамбыл к-сі, 137, Театральная к-сі, 58, Жуков к-сі, 26, 30, 40, 42, және 4 линия к-сі, 16, Абай к-сі, 57 мекенжайы бойынша жеткізілетін болады.

Тағы оқыңыз: Гуманитарлық көмек: СҚО-ға жеті жүк көлігі келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x