СҚО-да су тасқыны басталғалы 10 елді мекен су астында қалды. 156 үйге су кірген. Облыста әлі жағдай қиын. Бүгін Петропавлдың Заречный кенті арқылы өтетін «Челябі-Новосібір» тасжолын су басты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Заречный кентінің  барлық тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылған. Қазір ол жерде күні-түні полицейлер мен ТЖ қызметкерлері кезекшілік етуде. Жолдар жабылған. Ешкімге өтуге рұқсат жоқ. Жалпы облыс бойынша екі мыңнан астам адам эвакуацияланған. ТЖД мамандарының сөзінше, алдағы бір-екі күнде Петропавлда тасқын су шарықтау шегіне жетеді. Кейін қарғын су Вишневка, Ольшанка, Болшая Малышка және Соколовка елді мекендеріне қарай беттеп, үйлерге су кіруі мүмкін дейді мамандар. Сол себепті де, қазір аталмыш ауылдардың тұрғындарына құтқарушылар қауіпсіз жерге көшулері керек екенін хабарлап жатыр.

«Ауыл тұрғындары тасқын суды өз көзімен көрмеген соң мамандардың сөзін онша елемейді. Бірақ қиын жағдайға дайын болу керек. Қазір Есіл ауданында жағдай тұрақтала бастады. Бүгіндері тасқын су Қызылжар ауданы мен Петропавлға қауіп төндіріп тұр. Өзен деңгейінің көтерілуі, арнасынан шағуына байланысты әлі де 219 елді мекенді су басу қаупі сақталады», – деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғұжинов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x