Елімізде қазақ тілінен тест тапсыруға кімдер міндеттелмек?

Енді қазақ тілінен тест тапсыру міндеттелмек.Бұл туралы Астанада стандарттау жөніндегі кеңейтілген ғылыми-техникалық кеңесте айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңесте ұлттық стандарттарының жобалары қаралып, оның ішінде деңгейлер бойынша қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері жөніндегі жобалар мақұлданды.Министрліктің мәліметінше, стандарттың негізгі мақсатына қазақ тілін меңгеру деңгейін белгілеу жатады. Содан кейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу өткізіп, тиісті сертификаттар береді.

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның қабылдануымен әзірленген стандарттар өте қажет. Өйткені олар жұмысты нақты регламенттер мен талаптарға сәйкес келтіреді», – деді мәжіліс депутаты Қазыбек Иса.

Қазақстанда міндетті тестілеуден магистратура мен докторантураға түсетін студенттер,мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлер,»Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер талапкерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына түсуге үміткер студенттер мен «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқытушылары өтетін болады.
Құжатты «ҚазСтандарт» әзірледі. 2024 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енеді деп жоспарланған.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x