жастарға несие беру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында биыл жастарға 2,5%-дық несие беріле бастады. Бастама қыз-жігіттердің кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 22 млн теңге сомасына 5 несие рәсімделді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасовтың баяндауынша, 5 несиенің үшеуі қызмет көрсету саласы, қалғаны ауыл шаруашылығы бойынша дайындалған жобаны іске асыруға берілген. Алайда, теріскейлік жастар үшін көрсетілетін қолдау мұнымен шектеліп қалмайды. 24 сәуір күні шағын несие беру бойынша кезекті жиын өтпек. Онда 44 млн теңгеге іске асырылатын жаңа жобалар талқыланады.

«Жеңілдетілген несие жұмыссыз жастарға және кемінде 5 жыл еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерге беріледі. Қаржы 5-тен 7 жылға дейін рәсімделеді. Бұл механизм арқылы 130 тұрғын ісін өрге жүргізе алады. Жалпы, бүгінде тұрғындарға екі қолға бір күрек табу үшін тиісті шаралар жүргізіліп келеді. Қазір «Электрондық еңбек биржасы» порталы жұмыс істеп тұр. Онда тұрғындар өзінің түйіндемесін, жұмыс берушілер бос орындар жайлы ақпарат қалдыра алады», — деді  Ринат Елжасов.

Қазақстан бойынша бос жұмыс орындары мен ізденушілер туралы ақпарат күн сайын жаңартылып отырады. Бүгінде порталда 5 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылған, оның ішінде денсаулық сақтау саласында – 381, ауыл шаруашылығы– 481, білім беру– 294, өнеркәсіп бойынша – 286, сауда және қызмет көрсету саласында – 187, энергетикада – 214, құрылыс саласында 122 орын бар.

Тағы оқыңыз: Ел экономикасының өсуі жеделдеді — Әлихан Смайылов 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x