жаңа куәлік

Биыл СҚО-да КСРО паспортымен жүрген 7 тұрғынға жаңа жеке куәлік берілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаперге салсақ, Қазақстанда азаматтың жеке басын куәландыратын құжат 1994 жылы енгізілді. 1974 жылғы үлгідегі паспорты бар адамдар бірқатар қызметтерді алуға, төлемдерді рәсімдеуде шектелген. Алайда, тұрғындар кейбірі ескі куәліктерін қолданып келеді. СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері оларды құжаттандыру жұмыстарын жалғастыруда. Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны құжаттарды рәсімдеуге көмек сұраған. Көші-қон полицейлері азаматтығын анықтау рәсімін жүргізді.

«Қала тұрғыны үшін жеке куәлік дайындалды, енді ол біздің мемлекетіміздің барлық қызметтерін пайдалана алады. Ескі құжаттарды пайдаланатын солтүстікқазақстандықтарды мәселені шешуді кейінге қалдырмауға және өздерінің құқықтық мәртебесін реттеуге шақырамыз», – дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің мамандары СҚО-ның жеті тұрғынына ҚР азаматтарының куәлігін алуға көмектесті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері — 120 мың теңге

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x