Жыл өткен сайын ҰОС қатысқан жандардың қатары сиреп барады. Бүгінгі күні СҚО-да көзі тірі 7 ардагер ғана қалған. Солардың бірі – Қожатай Некібаев. 17 жасында соғысқа аттанған қарт майдангермен Qazaqstan Media тілшісі тілдесіп қайтты.

ҰОС ардагері

Қожатай Некібаев мектепті тәмамдаған соң, 1943 жылы әскер қатарына алынды. Ол кезде жасы небәрі 17-де болған. Ең алдымен бозбала қатарластарымен бірге Бурятияға аттанып әскери шеберлігін шыңдаған. Кейін соғыстың қызған шағында қалаларды басқыншылардан азат ету үшін шайқасқа қатысады.

«1943 жылдың қара күзі. Қызыл Армия бұл кезде немістерді Батысқа қарай тықсырып бара жатқан. Сондықтан резервтегі әскерилерді бірден қан майданға салмай, тылда әскери ойындармен шыңдау туралы шешім қабылданды. Біздерден қайда баратынымызды сұрап, өз қалауымызбен артиллерияға, танк әскеріне, авиацияға не теңіз флотына арыз жаздырып күнде әкетіп жатты. Мен жаяу әскер қатарында қала берейінші деп, ешқайда ұмтылмадым», деп Қожатай Некібаев соғыстың алғашқы жылдарын еске түсірді.

Ардагердің Ұлы жеңіске қосқан үлесі зор. ОлУкраина жерін азат етушілердің бірі.

«1944 жылдың жазында Чита бөліміндегі әскерден жүзден артық жауынгерді Батыстағы соғысқа әкетеді. Мұнда олар ІІ Украин майданының 13-ші дивизиясының 48-ші полкін толықтырады. Менде осы құраманың сапында қазіргі Украинаның Житомир, Ровно, Львов қалаларын азат етуге қатыстым», дейді соғыс ардагері.

Қожатай Некібаев соғыстан кейін 3 жылдай полкте қызмет атқарған. Осылайша, еліне тек 1948 жылы ғана оралады. Туған жеріне келгесін соғыс ардагері 32 жыл Жамбыл ауданының Орталық ауылында ұстаздық етті. Отау құрып, құдай қосқан жарымен 70 жыл тату- тәтті өмір сүрген. Өкінішке орай, бірнеше жыл бұрын жұбайы өмірден озды. Олар10 баланы тәрбиелеп өсірген. Одан 25 немере, 28 шөбере сүйді.

ҰОС ардагері

 

Тағы оқыңыз: Айыртау ауданында шығарылатын ірімшік өнімдеріне деген сұраныс жоғары

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x