ҚР Президенті Ольга Ростовщикова мен Рауза Кашеневаға құттықтау хатын жолдады

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Sensitive» ансамблінің жетекшісі Ольга Ростовщикова мен өнер колледжінің директоры Рауза Кашеневаға Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыстады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

 «Sensitive» ансамблін Ольга Ростовщикова осыдан  16 жыл бұрын құрған. Осы уақыт ішінде би тобы халықаралық беделді байқаулар мен фестивальдерде сегіз гран-при жеңіп алды.

Ал Рауза Кашенева өмірінің 40 жылын өнер саласына арнаған жан. Вокал педагогы және музыкалық фестивальдердің лауреаты кәсіби вокалистердің  бірнеше буынын дайындады. Соңғы 18 жылда өнер колледжін басқарып келеді.

Облыс әкімі Ольга Ростовщикова мен Рауза Кашеневаға Президенттің құттықтау хатын табыстай отыра,  шығармашылық табыс пен шәкірттерінің биік белестерден көрінуін тіледі.

Сонымен қатар өңір басшысы перинаталдық орталықта болды. Онда ол көп балалы ана Дондог Данияшты халықаралық әйелдер күнімен және жетінші сәбиінің өмірге келуімен құттықтады. Ғауез Нұрмұхамбетов жас босанған ана мен нәрестеге  зор денсаулық тілеп, алғыс хат пен сыйлық сертификатын табыс етті.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданының әкімі көпбалалы аналармен кездесті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x