Жамбыл ауданының әкімі көпбалалы аналармен кездесті

Жамбыл ауданының әкімі Азамат Бектасов көпбалалы аналармен кездесіп, оларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп жазды Qazaqstan Media тілшісі.

Кездесу аудандық кітапханада өтті. Мұнда әйелдерге арнап дастархан жайылып, үстел басында әдемі әңгіме айтылды. Аналар жетістіктерімен бөлісіп, аудан әкіміне өздерін толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді.

«Құрметті әжелер, аналар мен асыл жандар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – үй ошағының сақтаушысы мен ұйытқысы болып табылатын асыл жандарымыздың мерекесі. Дүниенің тірегі де, өмір деген алтын сарай есігінің кілті де – әйел. Әйелдердің мейірімділігі мен махаббаты қашанда қиындықтарды жеңіп, қоғамдағы рухани құндылықтарды сақтауға, әр ұлтты және әр жастағы адамдардың арасындағы келісім мен бірлікті нығайтуға үлес қосып келуде. Сіздердің даналық пен төзімділіктеріңіз өскелең ұрпаққа қашан да үлгі болып келеді. Ал қолдауларыңыз бен күш-жігерлеріңіз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Сіздер адал жар, қамқор ана, сенімді дос қана емес, сонымен бірге жақсы басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы болып табыласыздар. Сіздерге мемлекет өміріне белсене қатысып, өз үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз», – деді әйелдер қауымын мерекемен құттықтаған жамбыл ауданының әкімі Азамат Бектасов.  

Бүгіндері Жамбыл ауданында 338 көпбалалы отбасы тұрады. Олардың бесеуі I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені, тоғызы «Батыр ана» жоғары атағына ие. Тағы 89 әйел «Күміс алқа», 58 әйел «Алтын алқамен» марапатталған. Солардың бірі жеті баланың анасы – Раушан Адрақова. Жамбыл ауылында тұратын көпбалалы ана мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Үй мен түздің жұмысын қатар алып жүрген келіншек қолы қалт ете қалса іс тігіп, отбасы мүшелеріне дәмді тағамдар пісіргенді ұнатады.

«Мереке қарсаңында басымызды қосып, жақсы кездесу өткізгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Барша әйелдер қауымын көктемнің осынау шуақты мерекесімен құттықтаймын», – деді көпбалалы ана.

Тағы оқыңыз: 11 наурыз күні қасиетті Рамазан айы басталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x