СҚО-да шаруа қожалығы басшыларының үстінен іс қозғалды

Қостанай облысындағы Beef Export Group ЖШС ет өңдеу кәсіпорнының қылмыстық ісіне қатысты солтүстікқазақстандық шаруалардан да жауап алынып жатыр. Ол бойынша 50-ге жуық адам тергелуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі  ҚР қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қостанай облысы бойынша ҚМА департаменті Beef Export Group ЖШС ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдастырылған топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Аталған адамдар тобына ұзақ уақыт бойы «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысты деген айып тағылып отыр. Мемлекетке үш млрд теңгеден астам шығын келтірілді, оның ішінде сотқа дейінгі тергеу барысында 107 млн өтелді, күдіктілерден 3,1 млрд теңгеге тәркіленді. Қылмыстық схемаға 49 адам тартылды», – деп хабарлады тиісті органның баспасөз қызметі.

ҚМА мәліметі бойынша 13 күдікті  ұйымдасқан топтың мүшелері болып табылады. Олар субсидиялар беру, салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, лауазымды тұлғаларға пара беру және құжаттарды қолдан жасады деген айып тағылды.

«Ұйымдасқан топтың басшысы өзінің бақылауындағы компанияның қызметіне салықтық тексеру жүргізген мемлекеттік қызметшіге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданғаны үшін де күдіктенеді. Сондай-ақ іс бойынша Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының 30 шаруа қожалығы басшылары мен өкілдері күдікті ретінде өтіп жатыр», – деп нақтылады ҚМА өкілдері.

Тағы оқыңыз: ҚР Президенті Ольга Ростовщикова мен Рауза Кашеневаға құттықтау хатын жолдады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x