Алдағы сенбі, 4-ші қараша күні Петропавлда дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Барлық аудандар мен ірі кәсіпорындардың қатысуымен өтетін шара екі жерде ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі екі жерде ұйымдастырылады. Сауда алаңдарының бірі – Мағжан Жұмабаев көшесі бойында (Интернационал мен Пионер көшесінің аралығында)орналасса, екіншісі Жұмысшы кентінде, Космановтар көшесі 79/1 өтеді.

«Жәрмеңке таңғы 9-да басталады. Барлық аудандар мен Петропавл қаласының 100-ден аса кәсіпорыны қатысады. Ауыл шаруашылық өнімдері, мал азығы, бал, балық өнімдері сатылады. Тауар бағасы 15-20% арзан болады. 1069 тонна шамасында 100-ден астам тағам өнімін саудалау жоспарланып отыр», — делінген СҚО ауыл шаруашылық басқармасының хабарламасында.

Жәрмеңкеге өңірімізге танымал кәсіпорындар да қатысып, өз өнімдерін саудаламақ. Оның ішінде «Зенченко и К» КС, «Масло-Дел» ЖШС, «Ростан» ЖШС, «Казмясопродукт», «ЕМС агро», «Жана Кус»ЖШС, «Астык-STEM», «Фирма Алекри» ЖШС-терін атап өтуге болады.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында жедел жәрдем көліктері әбден ескірген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x