Есіл ауданында қазақ күресінен облыстық турнир өтті

Есіл ауданында Асқар Игібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен облыстық турнир өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын шараға биыл 6 команда қатысқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Асқар Игібаев бар саналы ғұмырын білім саласына арнап, Николаевка орта мектебінің дамуына зор үлесін қосқан. Ол білім ошағын 34 жыл бойы басқарған. Сондықтан болар, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаздың құрметіне мұнда қазақ күресінен турнир ұйымдастыру дәстүрге айналған. Бүгін өткізілген шараға Асқар Игібайұлының  туған – туыстары, әріптестері, оқушылары, ізбасарлары қатысты.

«Мен және осы залда жиналған көпшілік үшін бұл мектептің орны бөлек. Естеліктерге толы. Бүгін біздің қара шаңырағымызда дәстүрлі жарыстар өткізіледі. Биыл тағы екі номинация бойынша жүлде тағайындайтын боламыз. Турнир қатысушыларына сәттілік тілеймін», – деді турнирдің ашылуында сөз сөйлеген Асқар Игібаевтың ұлы Мұхтар.

Есіл ауданында қазақ күресінен облыстық турнир өтті

Турнир 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өтуде. Жалпы жарысқа 6 команда келген.

«Жарысқа Есіл, Шал ақын, Тимирязев, Ақжар ауданы мен Петропавл және Көкшетау қалаларынан балуандар келген. Өкінішке орай, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше ауданның балалары келе алмай қалды. Десе де, жарыс жоғарғы деңгейде өтті. Спортшылар жақсы дайындықпен келген. Жарыс жеңімпаздары медаль, грамота және ақшалай сыйақыға ие болды. Бірінші орын иеленген командаға кубок табысталды», – деді турнирдің бас төрешісі Асылхан Болатов.

Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орын Петропавл қаласынан келген командаға бұйырды. Екінші орынға көкшетаулық балуандар тұрақтаса, үшінші орыннан Есіл ауданының командасы көрінді.

Тағы оқыңыз: Қарашаның 4-і Петропавлда ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x