Уәлиханов ауданында жедел жәрдем көліктері әбден ескіріп, тозығы жеткен. Осындай шағымды СҚО-ға жұмыс сапарымен келген денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудникке аудан тұрғындарды жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Вице-министрмен кездесуге келгендердің бірі – Петропавл тұрғыны Анастасия. Бойжеткеннің айтуынша, қаладағы ешбір жекеменшік  дәріханада реланиум дәрісі жоқ екен. Препаратты таба алмай сандалып жүрген петропавлдық мәселенің мән жайын Вячеслав Дудниктен сұрап білді.

«Дәрі Польшада шығарылады. Қазақстанға да сол кәсіпорын жеткізеді. Өкінішке орай, 2021 жылы бұл  компанияда өзгерістер болып, келісімшарт тоқтатылды. Сол себепті, денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармациямен» бірлесе ресейлік себазон дәрісін әкеле бастадық. Оның құрамы  реланиум дәрісімен бірдей.  Ал бағасы сәл арзандау», – деп жауап берді денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық саясат департаменті директорының орынбасары Ботагөз Сыздықова.

Уәлиханов ауданында жедел жәрдем көліктері әбден ескірген

Жалпы жыл сайын халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 200 млрд теңгеден аса қаражат бөлінеді екен. Кездесуге Уәлиханов ауданының тұрғындары да қатысты. Олардың айтуынша, елді мекендегі жедел жәрдем көліктері әбден тозған. Салдарынан аудан орталығынан Петропавлға дейін науқастарды әкелу қиындық туғызады екен.

«Уәлиханов ауданы қалаға өте алыс орналасқан. Аудан орталығынан немесе ауылдардан адамдарды Петропавлдағы ауруханаға жеткізу өте қиын. Автокөліктердің барлығы тозған. Тіпті, аяғы ауыр әйелімді қалаға алып келу қиын болды. Шұғыл жағдай болғанда не болар еді?», – дейді аудан тұрғыны.

«2023 жылы облыс ауруханаларына 19 жаңа көлік алынды. Бұл көліктер аудан орталығына жіберіледі. Уәлиханов ауданының ауруханасына 3 көлік бөлінді», – деді сауалға жауап берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x