Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың барлық аудандарын аралап шықты

Өңір басшысы барлық аудандарда болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Іссапарын Мағжан Жұмабаев ауданымен қорытындылады. Облыс әкімі ақиық ақын Мағжанның туған ауылы Сарытомарда болып, мұражайына барды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аталмыш ауданда өңір басышысы бірнеше ауылды аралап, тұрғындармен кездесті. Мысалы, Бәйтерек ауылында кіреберіс жолды жөндеу жұмыстарымен танысты. Булаево қаласындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында және Жастар ауылындағы сүт фермасында болды.

Советское ауылында облыс басшысы «СК Агро-2050» серіктестігінің қырман басында аудан диқандарымен жүздесті. Ауылда мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді. Кейін ауыл тұрғындарының бос уақытын өткізетін  орынға айналды. Мұнда өңір басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Жалпы, Ғауез Торсанұлы облыстың барлық аудандарына барғанда халықпен кездесу ұйымдастырады.

Тағы оқыңыз: «Дельфин» спорт мектебінде жөндеу жұмыстары мерзімінен кешігіп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x