[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-08-at-17.34.50-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Жақын уақытта «Қызылжар» орталық мешітінде деректі фильм түсіріп, онлайн уағыз оқып, дін қайраткерлерімен сұхбат жүргізу мүмкіндігі пайда болмақ. Ол үшін ғибадат үйінде арнайы студия салынып жатыр, дап хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Студияны ашуға мешітке келуші жамағат пен қолы ашық жомарт жандар ат салысқан. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы қолға алынды. Қазіргі таңда студия камера, жарық сынды құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді. Басты мақсат діни өсиеттерді насихаттап қоғамдағы түйіткілді мәселелерді шешу. Түсірілген материалдар мешіттің әлеуметтік желідегі парақшаларына салынып, халыққа қолжетімді болады. Жалпы, мұндай бөлмелер бүгінгі күні әр өңірдің ғибадат үйінде бар екенін атап өткен жөн.

«Мұндай студия ашу көптен бері ойымызда жүр еді. Оның үстіне мешітке келуші жамағат уағыздар мен өсиет сөздерді әлеуметтік желіде көріп, тыңдағысы келетінін айтатын. Осылайша, бірқатар кәсіпкер қолдау көрсетіп, құрылыс жұмыстарын бастап кеттік. Әзірге салтанатты ашылуы болған жоқ. Соған қарамастан облыс имамдары осы жерде түрлі бейнежазбалар жазып, облыс тұрғындарымен тілдесіп жүр», — дейді облыстық «Қызылжар» мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x