Петропавлда гаражда өрт шығып, оны сөндіру кезінде 37 жастағы ТЖД қызметкері зардап шекті. Жарақат алған өрт сөндіруші бірден ауруханаға жатқызылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға 11 мамыр таңертең болған. Петропавлдағы Есіл көшесі бойындағы гараждардың бірінде өрт шығып, оны сөндіру кезінде ТЖД қызметкері зардап шекті. Ол гараждың төбесіне шыққан. Сол кезде шатыр опырылып түскен.

«Зардап шеккен өрт сөндіруші қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Ол жарақат бөлімшесінде ем қабылдап жатыр», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ал облыстық ТЖД баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруге асығар емес. Олар жұмыс аптасының басталуын күтіп отыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда кекушинкай каратэден ашық турнир өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *