Петропавлда төртінші қабаттан құлаған келіншектің жағдайы әлі де ауыр. Оның жансақтау бөлімінде жатқанына екі апта болды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға 15-ші сәуір күні тіркелді. Петропавлдағы көпбейінді қалалық ауруханаға биіктен құлаған келіншекті жеткізген еді. Сол кезде дәрігерлер бірден оның жағдайын «ауыр» деп бағалап, жедел жансақтау бөліміне жатқызды.
«Пациентті жедел түрде тексерілді. Реаниматолог, травматолог, хирург және нейрохирург, лор секілді барлық дәрігерлердің қатысумен консилиуым өткізілді. Ашық ми жарақаты, бет-жақ сүйегінің сынуы,қос өкпенің зақымдануы, жамбас сүйегінің сынуы диагнозы қойылды»,- деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде пациенттің жағдайы тұрақсыз әрі ауыр. Жасанды демалдыру аппаратына қосылған, жансақтау бөлімінде толық ем қабылдап жатыр.
Тағы оқыңыз: Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтары тәулік бойы Тепличный ауылындағы бөгеттерді нығайтып жатыр