Петропавлда мас күйде электрлі велосипед басқарған 37 жастағы ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Оны полиция қызметкерлері Воровский көшесінде ұстаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері кешкі уақытта электрвелосипед тізгіндеген Ақмола облысының тұрғынын тоқтатқан. Медициналық куәландыру оның алкогольдік мас күйде болғанын растады. Сондай-ақ ер адамның көлік құралдарын басқару құқығы болмағаны анықталды.
Осыған байланысты оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
«Полиция өкілдері электрвелосипедті мас күйде басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңда қатаң жауапкершілік қарастырылған», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Республика күні: жеті бүлдіршіннің тұсауы кесілді

