Петропавлдағы тіл саясатының өзекті мәселелерін шешуге арналған республикалық семинар ұйымдастырылды. «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» тақырыбын арқау еткен жиынға еліміздің әр өңірінен сала мамандары қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Олар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ғылыми терминологияны дамыту және қазақ тілін цифрлық кеңістікке бейімдеу мәселелерін талқылады. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда жүйелі жұмыс пен нақты міндеттер маңызды. Осы бағытта арнайы тұжырымдама әзірленген.

Қазақ тілін цифрлық дәуірге бейімдеу: Петропавлда республикалық семинар өтті
Қазақ тілін цифрлық дәуірге бейімдеу: Петропавлда республикалық семинар өтті

«Құжатта 10 нысаналы индикатор мен 70 іс-шара қамтылған. Бірқатарын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Олардың ішінде жергілікті атқарушы органдар, облыстық әкімдіктер іске қосатын жобалар бар», — деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов.

Тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі – қазақ тілінің цифрлық ортадағы мүмкіндіктерін арттыру. Бүгінде технологиялар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған. Сондықтан мемлекеттік тілдің де заманауи цифрлық құралдарда кеңінен қолданылуы өзекті. Осы мақсатта түрлі IT-жобалар қолға алынған.

Жиында аталған жобалардың мүмкіндіктері таныстырылып, тіл технологияларын одан әрі дамыту жолдары қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен ғылыми терминологияны қалыптастыру мәселелерін талқылады. Ал ұйымдастырылған панорамалық көрмеде қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі әлеуеті көрсетілді.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық өнімдер Астанадағы жәрмеңкеде сатылады

Поделиться:

Shares