17–18 қазанда Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оған Солтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілері қатысып, елорда тұрғындарына мың тоннадан астам азық-түлік өнімін ұсынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жәрмеңкеде ет және ет өнімдері, көкөніс, сүт өнімдері, балық, бал мен жұмыртқа саудаланады. Атап айтқанда, өңір шаруалары 110 тонна ет пен ет өнімдерін, 400 тоннадан астам көкөніс, 180 тоннадан астам сүт өнімдерін және 80 тоннадан астам бакалея тауарларын жеткізеді. Сонымен қатар бес тонна балық, 10 тонна бал және 240 мың дана тауық жұмыртқасы ұсынылады.

«Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің мақсаты – елорда тұрғындарын отандық өніммен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету. Сатып алушылар тауарларды делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады», — деп хабарлады СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

Тағы оқыңыз: Қарттарға арналған тексеру: 15 адам дәрігер кеңесін алды

Поделиться:

Shares