Сәкен Қасымов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.
Сәкен Қасымов 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін бітірген. Мамандығы бойынша бухгалтер-экономист және заңгер.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы бойынша Қазынашылық басқармасында жетекші маманның міндетін атқарушы — жетекші қазынашы қызметінен бастаған. 2005–2008 жылдары Қаржы министрлігі Салық комитетінің бас маманы, 2008–2012 жылдары Қаржылық бақылау комитетінің бас сарапшысы болған. 2012–2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2017–2020 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментін басқарған. Ал 2020 жылдан бастап Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметінде болды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да миллиондаған теңгенің ауылдық жобалары қаржыландыруды күтіп тұр

