Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы толықтай толды. 8 қыркүйектегі жағдай бойынша ондағы су көлемі 693 млн текше метрге жеткен. Ал Петропавл су қоймасы 90,9% деңгейінде толып тұр, деп жазады Qazaqstan Media.

Жалпы өңірдегі екі су қоймасында 715,27 млн текше метр су жиналған. Орташа толу деңгейі — 95,5%. Мамандардың айтуынша, көктемгі тасқыннан кейін жиналған су қоры экономиканың барлық саласының қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Вегетациялық кезеңде су тапшылығы байқалмайды.

Биыл суармалы жер көлемі де ұлғайтылған.  Солтүстік Қазақстан облысында оның көлемін 13,3 мың гектарға дейін жетті. Қазір өңірде суару мақсатында арнайы су пайдалануға 58 рұқсат қолданыста. Олар 17 885 гектар суармалы жерді қамтиды. Рұқсат етілген су алу көлемі 47,3 млн текше метр. Оның 46,9 млн текше метрі жерүсті су көздерінен, ал 0,38 млн текше метрі жерасты суларынан алынуы мүмкін.

Есіл бассейндік су инспекциясы суару кезеңінде су пайдалану лимиттерінің сақталуын және судың заңсыз пайдаланылуына жол бермеуді бақылап отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО жастары адам көп жүретін саябақты күл-қоқыстан тазартты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *