Солтүстік Қазақстан облысы мен Татарстан арасындағы әріптестік жаңа деңгейге көтерілуде. Татарстан делегациясының Петропавлға сапары барысында екі өңірдің кәсіпорындары өндіріс, құрылыс және медицина салаларын қамтитын төрт ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Qazaqstan Mediа.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Татарстан Раисы Рустам Миннихановпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланысты кеңейту мәселелерін талқылады.

«Өткен жылы Қазан қаласында өткен кездесуде іскерлік байланыстарды кеңейту жөнінде келісімге келген едік. Бүгінде сол бағыттағы нақты қадамдар жасалып жатыр», – деді Рустам Минниханов.

Кездесу қорытындысында төрт меморандумға қол қойылды. Олардың бірі бойынша «Алюминиевый Сад» компаниясы петропавлдық «Радуга» ЖШС-мен алюминий профильдік жүйелерді өндіру және қолдану технологияларын енгізу бағытында жұмыс істейді.

Ал С.П. Титов атындағы Набережные Челны картон-қағаз комбинаты екі қазақстандық кәсіпорынмен келісім жасасты. «Qyzyljar Company LTD» ЖШС-мен картон және қағаз өнімдерін өндіру технологиялары бойынша тәжірибе алмасса, «Зеленый Север» ЖШС-мен заманауи өндірістік шешімдерді енгізу бағытында ынтымақтасады.

Сондай-ақ «Фотон Флай» өндірістік бірлестігі мен С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ медициналық жабдықтар өндірісі саласында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Айта кетейік, өткен жылы Татарстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион АҚШ долларына жеткен.

Тағы оқыңыз: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесі тағы өзгереді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *