Достық үйінде «Келісім аумағы» атты танымдық іс-шара өтті. Шараға жастар қатысып, оларға ұлт арасындағы бірліктің маңызы жайлы айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бірлік — қоғамның ең басты байлығы. Әрбір азамат өзгеге құрмет пен түсіністікті өмірлік қағидаға айналдырса, ел ішінде тұрақтылық сақталады. Осы өзекті мәселе Достық үйінде өткен «Келісім аумағы» атты кездесуде қаралды. Жүздесуде сөз алғандар «Заң және тәртіп» идеологиясын кеңінен таныстырды, этносаралық татулықты сақтау, ықтимал қақтығыстардың алдын алу және азаматтардың тең құқықтарын қорғау жайын жан-жақты баяндады.

«Біз жастарға күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен жеткізіп, ұлтаралық келісімді сақтау, ұлттық бірлікті нығайту және өмірлік қиындықтарға дайын болу жолдарын үйретуді мақсат етіп отырамыз. Алдағы уақытта да мұндай кездесулерді ұйымдастырып, кейінгі толқынға қажетті ақпарат пен тәжірибені жеткізуді жалғастырамыз. Себебі, осындай жиындардан жастар өздеріне құнды ақпарат алады», — деді «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Болат Базарбаев.

Биыл аймақта әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген. Қазір соның 3-еуі негізінде тергеу амалдары жүргізілуде. Мамандардың дерегінше, бұзушылықтар әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг кезінде анықталыпты.

СҚО-да жастарға бірлік пен татулық жайлы айтылды
СҚО-да жастарға бірлік пен татулық жайлы айтылды

«Біз қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайту үшін маңызды іс-шара өткізіп отырмыз. Жастарға құқықтық мәдениет пен ұлтаралық келісімнің маңызын түсіндіру — біздің басты міндетіміз. Қақтығыстардың алдын алу және кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеу жолында құқық қорғау органдары жүйелі жұмыс жүргізуде», — деді СҚО прокурорының көмекшісі Дамир Жолдыбаев.

Тағы оқыңыз: Сәуірден бастап Қазақстанда бірқатар өзгеріс күшіне енеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *