Петропавлда облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Шарада инвестиция тарту және тазалық жұмыстары бойынша мәселелер қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Әмриннің сөзінше, былтыр облысқа 600 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Құйылған қаржының 35 пайызы шетелдік компаниялардан келген. 2026 жылға ауқымды жоспар құрылыпты. Бірақ,кей аудандар қаржы тарту бойынша жұмыстарға немқұрайлы қарайтын сыңайлы.

СҚО-дағы кейбір аудандарда инвестиция тарту жұмыстары баяу жүруде
СҚО-дағы кейбір аудандарда инвестиция тарту жұмыстары баяу жүруде

«Биыл облысқа 775 млрд теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 35 млрд-ты құрады. Петропавл қаласы мен Ақжар, Уәлиханов, Шал ақын, Қызылжар аудандарында маңызды жұмыс баяу жүріп жатыр. Ал Ғ.Мүсірепов, Айыртау, Есіл аудандарында тұрақты өсім байқалады», — деді Дархан Амрин.

Қазіргі таңда облыста 900 млн теңгенің 51 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Кәсіпорындар қолданысқа берілгеннен кейін 8 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Экономиканы дамыту үшін инвестиция тарту жұмыстары қарқын алу қажет. Бұл бағытқа мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетілуде. Облыс әкімі жауапты атқамінерлерге бірқатар тапсырма берді.

СҚО-дағы кейбір аудандарда инвестиция тарту жұмыстары баяу жүруде
СҚО-дағы кейбір аудандарда инвестиция тарту жұмыстары баяу жүруде

«Аудан әкімдері, басқарма басшыларымен бірлесіп кәсіпкерлермен кездесіңіздер. Жоспар құрып, ұсыныс тастаңыздар. Зор жетістікке жеткен әріптестеріңіздерден үлгі алыңыздар. Инвестиция тарту жұмысы кезек күттіретін мәселе емес. Халықтың тұрмысына тікелей әсер етеді. Сондықтан жауапты мамандардан жүйелі жұмыс күтемін», — деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жасөспірімдер волейболдан мықтыны анықтады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *