Надежда Морозова Олимпиададағы жорығын жалғастыруда. Теріскейлік конькимен жүгіруші бүгін 1500 метр қашықтыққа жүгіреді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жерлесіміз — жарыс фавориттерінің қатарында. Себебі, бұған дейін Әлем Кубогы кезеңдерінде дәл осы бәсекеде жүлдегерлер қатарынан көрінген. Рейтингте үздіктер қатарында тұр.
Айта кету керек, дүбірлі дода «Жас өркен» ықшам ауданындағы мұз айдынында тікелей эфирде көрсетіледі. Сайыс кешкі 20:30-да басталады. Келіп көремін деген әр жанкүйерге нысанның есігі айқара ашық.
Бұл — Надежда Морозованың жаһан көз тіккен бәсекедегі 4-ші жарысы. Спортшы 3000 метр қашықтықта — 6, ал 1000 метрде үздік ондықты түйіндеді. Ал топтық сында жарыс жолынан шығып қалды
Тағы оқыңыз: «VIZaVi Company» қызметкерлеріне Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

