Ата заңның жаңа жобасының нәтижесінде интернет алаяқтық фактілері азаяды деп ойлаймын. Петропавл қалалық ПИК төрағасы Сергей Худяков осылай деп есептейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ата заң жобасы азаматтардың жеке қаражаты мен өміріне қатысты қорғау тетіктерін күшейтеді. Мемлекет банктік салымдар мен жинақтардың сақталуына, қаржылық операциялардың құпиялылығына да кепілдік береді. Шыны керек, қазіргі таңда зейнеткерлердің көбі алаяқтардың құрбаны болуда. “Енгізілген өзгерістердің арқасында аға буын өкілдерімен болатын мұндай келеңсіз оқиғалардың саны азаяр еді”, – дейді Петропавл қалалық ПИК төрағасы Сергей Худяков.

«Өзгерістер енгізілгенімен, бәрі өзімізге байланысты. Жаңа Конституцияны оқып, құқығымызды білсек, бізді ешкім алдай алмайды. Ата заңды оқып шықтым. Қала тұрғындарымен кездесіп, бәрін жан-жақты түсіндіріп жүрмін. Барлығымыз 15-ші наурыз күні біркісідей жалпыхалықтық референдумға қатысамыз деп ойлаймын», — деді спикер.

Тағы оқыңыз: әл-Фараби мектеп-лицейінің ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *