«Құлагер» ХК ел біріншілігінің 23-туры аясында өз алаңында қостанайлық «Горняк» командасын қабылдады. Тартысқа толы ойында жергілікті құрама жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Демалыс күндері хоккейден ел біріншілігінің 23-тур ойындары өтті. Оның аясында өз алаңында жергілікті «Құлагер» ХК қостанайлық «Горнякты» қабылдады. Ойын тартысқа толы өтті.
Алғашқы екі период қос команданың алма-кезек шабуылдарымен есте қалды. Бір-біріне дес бермеді. Жергілікті имек таяқ шеберлерінің қателігін ұтымды пайдаланған қонақ команда 40 минуттың ішінде үш шайба соқты. Теріскейліктер оған бір шайбамен ғана жауап қайтарды.
Соңғы кезеңде мүлдем басқа көрініс орын алды. «Құлагер» ХК соңғы секундттарда есепті теңестіріп, ойын буллитке дейін жалғасты. Лотарея саналатын ақтық кезеңде теріскейліктер қарсыластан жеңісті жұлып алды.
Кезекті жеңісінің арқасында «Құлагер» ХК турнирлік кестедегі орнын сақтап қалды. Қазіргі таңда команда 34 ұпаймен үшінші орында тұр.
Тағы оқыңыз: Президент: Қозыбаев университетінің жобасы химия өнеркәсібіне серпін береді

