Жергілікті имек таяқ шеберлерінің кезекті жеңісі. «Құлагер» ХК өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Екі ойын — екі жеңіс. Демалыс күндері «Құлагер» хоккей клубы өз алаңында батысқазақстандық «Ақтөбемен» кездесті. Жергілікті құрама ойынның фавориті саналды. Себебі, қонақ команда турнирлік кестеде соңғы орында тұр.

Құлагерліктер өзінің фаворит екенін дәлелдеді. Бірінші ойында қарсыластарының қақпасына жауапсыз бес гол соғып, жеңіске жетті.

Екінші матчта қонақ команда алаң иелеріне біршама қарсылық көрсетті. Бірақ, құлагерліктер қарсыластарынан тактикалық тұрғыдан басым болды. Нәтижесінде екі де нөл есебімен жеңіске жетті.

Өз алаңында жоғары деңгейде өнер көрсеткен «Құлагер» хоккей клубы турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді. Теріскейлік имек таяқ шеберлерінің қоржынында 20 ұпай бар. Жергілікті команда келесі ойынын ертең қарағандылық «Сарыарқа» ХК-мен өткізеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл кәсіпкері тұрғындарға арнап баспана тұрғызуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *