СҚО-да миссионерлік қызметпен заңсыз айналысқандар анықталды

Солтүстік Қазақстан облыстық дін істері басқармасының мәліметінше, былтыр заңсыз мисионерлікпен айналысудың жеті фактісі анықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі таңда облыста 11 конфессияны қамтитын 127 діни бірлестік бар. Өзге тіркелмей жұмыс істеп жатқан ұйымдар анықталмапты. Бірақ мисионерлікпен заңсыз айналысқандар болған. Былтыр сондай жеті факті тіркелді. Ал өңір тұрғындарын деструктивті діни ағымдардың өкілдерімен заңсыз оқыту фактілері болған жоқ.

«2023 жылы ҚР заңнамасын бұзудың жеті фактісі анықталды. Ол Қазақстан Республикасының аумағында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, нұқсан келтіруді насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдарды қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнімді дайындау. Сақтау, әкелу, тасымалдау, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты тудыруға бағытталған фактілер», – деді облыстық дін істері басқармасы.

Тағы оқыңыз: Елімізде еңбекке жарамсыздық парақтары енді тек электрондық түрде беріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x