СҚО-да белгілі аграрий кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталды

Солтүстік Қазақстанда белгілі аграрий, «Хуландой» ЖШС директоры Небиюла Сағындықов кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталды. Сот оны 13 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Іс СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық жағдайда қаралған. Сот материалдарынан оқиғаның 2021 жылдың наурыз айы мен 2022 жылдың жазында болғандығы белгілі. Небиюла Сағындықов 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Сотта белгілі аграрий өз кінәсін мойындамады. Бірақ сотталушының кінәсі іс материалдарымен: куәлардың айғақтарымен, сараптама қортындысы және сотта қаралған өзге де дәлелдермен толық  дәлелденген.

«Небиюла Сағындықов ҚР ҚК 122-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер бірнеше рет жасалған) кінәлі деп танылып, 13 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылсын. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтейді. Сондай-ақ ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды», — делінген сот үкімінде.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

68 жастағы Небиюла Сағындықов бес баланы тәрбиелеп өсірген. Отбасы осыдан 3 жыл бұрын «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде жеңіске жеткен.

Тағы оқыңыз: Петропавлда үш келіге жуық есірткіні дайындап, сақтап, жарнамалаған азамат 11 жылға сотталды

   

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x