Петропавлда «Қозы көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі сахналанды

Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі сахналанды. Бұл қойылыммен былтыр театр ұжымы Ресейде өткен VIII Халықаралық махаббат туралы спектакльдер фестиваліне қатысып, құрмет дипломымен марапатталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақ халқының лиро-эпостық жыры Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына арналып қойылған. Спектакльде әйелдің нәзіктігімен қатар, қайсар мінезі де бейнеленген.Баян әділдік іздеп, өзі мен жақындарының бақыты мен жері үшін аянбай күресе біледі. Батыр қыздың әкесі мен досы дүниеге келмеген балаларын атастырып қойыпты. Алайда, жолдасының қазасынан кейін ол сертін ұмытып, қызын жұттан аман алып қалған Қодарға тұрмысқа бермекші болады.

Петропавлда «Қозы көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі сахналанды

Қозы өлгеннен кейін, Баян сүйіктісінің кегін қайтару үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды. Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап, қаза табады. Қозының кегі қайтарылғаннан кейін батыр қыз өз-өзіне қол жұмсайды.

Петропавлда «Қозы көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі сахналанды

“Спектакльді театрдың 16 актері сомдайды. Режиссері Қалмақияның еңбек сіңірген өнер қайраткері Баатр Колаев. Басты рөлді театр актрисасы Мария Лырчикова сомдайды. Бұл оның алғашқы басты рөлі. Көрермендердің көңілінен шыққан сияқты. Барлығы өздерінің жылы лебіздерін жеткізді”, – деді Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театры әдеби бөлімінің меңгерушісі Павел Рощупкин.

Тағы оқыңыз:СҚО әкімі Есіл өзені жағалауының жағдайын тексерді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x