Дүкен иесін өлтіріп, қарақшылық жасаған: СҚО-да алқабилер ақтаған қос азаматтың ісі қайтадан сотта қаралмақ

Солтүстік Қазақстанда қарақшылық жасап, адам өлтіріп, ақталып шыққан қос азаматтың ісі сотта қайтадан қаралатын болды. Мұндай шешімді бүгін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аталған оқиға өткен жылдың соңында М. Жұмабаев ауданы Медвежка ауылында болған еді. Жергілікті кәсіпкер өз үйінің ауласында өлі күйінде табылған.

Ал 2024 жылдың наурыз айында осы іске қатысы бар деген күдікпен екі ауыл тұрғыны ұсталды. Ол — Максим Ивановский мен Евгений Баширов. Сот отырысы алқабилердің қатысуымен жабық режимде өтті. Өйткені, олардың біреуі кәмелет жасына толмаған.

Максим Ивановский мен Евгений Баширов ҚР ҚК 192 бабы 3 б. 4 т. (Қарақшылық) және ҚК 99 бабы 2 б. 7, 8 т. (Адам өлтіру) бойынша сондай-ақ, біреуі тағы ҚР ҚК 188 бабы 3 б. 1,2,3 т. (Ұрлық) айыпталған болатын. Алайда алқабилер алғашқы екі бап бойынша оларды ақтап шыққан. Айыпталушылардың біреуі бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дүкен иесін өлтіріп, қарақшылық жасаған: СҚО-да алқабилер ақтаған қос азаматтың ісі қайтадан сотта қаралмақ

Алайда, жәбірленуші тарап алқабилер шығарған шешіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Бүгін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы іске қатысты мынадай шешім шығарды.

Дүкен иесін өлтіріп, қарақшылық жасаған: СҚО-да алқабилер ақтаған қос азаматтың ісі қайтадан сотта қаралмақ

«2024 жылдың 14 маусымында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Максим Ивановский мен Евгений Башировты кінәсіз деп тауып, ақтап шыққан болатын. Бұл сот шешімінің күші жойылсын. Қылмыстық іс алдын ала тыңдау сатысынан бастап үкім шығарған сотқа қайтадан жіберілсін. Жаңа сот отырыстары өзге құрамда өтетін болады. Ивановскийге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сол күйінде қалдырылсын. Прокурордың апелляциялық өтініш хаты, жәбірленуші өкілдерінің апелляциялық шағымдары ішінара қанағаттандырылсын. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап, яғни 2024 жылдың 16 тамызынан бастап заңды күшіне енеді», — деді Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербар Қалиев.

Әдетте, алқабилер соты шығарған үкімге шағым түсіруге болмайды. Алайда аталған істе бірқатар олқылықтар анықталған. Оны шешімді оқып болғаннан кейін облыстық соттың судьясы түсіндірді.

Дүкен иесін өлтіріп, қарақшылық жасаған: СҚО-да алқабилер ақтаған қос азаматтың ісі қайтадан сотта қаралмақ
Дүкен иесін өлтіріп, қарақшылық жасаған: СҚО-да алқабилер ақтаған қос азаматтың ісі қайтадан сотта қаралмақ

«Бұл істі талдау кезінде бірқатар қателіктер анықталды. Айталық, қорғаушы тарап алқабилер отырған кезде тергеудің рұқсат етілмеген әдістері туралы бірнеше рет мәлімдеген. Бірақ талап бойынша сот мұндай жайттарды алқабилер болмаған кезде қарастыруы тиіс еді. Өйткені, оның барлығы алқабилер шешім қабылдарда әсер етеді. Және әсер еткен де сыңайлы. Себебі, сот үкімі оқылғаннан кейін алқабилердің бірі айыпталушыларға іс-қимылмен бірдеңе көрсетпек болған», — дейді облыстық соттың судьясы Нұрлан Нұралин.

Сондай-ақ алқабилердің бірінің бұрынғы күйеуі қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.  

Тағы оқыңыз: Петропавлда өрттен зардап шеккен азамат комада жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x