Астананың такси жүргізушілері гуманитарлық көмекті тегін  жеткізді

СҚО-ға Астанадан 14 көлікпен гуманитарлық көмек келді. Онда тұрмысқа қажетті заттар мен жиһаздар, төсек-орын және азық-түлік өнімдері бар. Елордалықтар жинаған жүкті такси жүргізушілері Петропавлға тегін жеткізіп берді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Су тасқыны басталғалы облысқа жан-жақтан  гуманитарлық көмек жеткізілуде. Соның бір легі 11-ші сәуір күні таңертең Астандан келді. 14 такси жүргізушісі өздерінің көліктерімен тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін әкелді.

«Бүгін Петропавлға Астанадан гуманитралық көмек әкелдік. Оны «Ерекше әлем», «Жақсылық жаса» қоғамдық қоры, «Қанат» еріктілер қозғалысы  жинаған. Біз шамамен бір апта бұрын көмек қажет екендігін хабарлаған болатынбыз. Содан қарапайым тұрғындар, кәсіпкерлер азық –түлік, тұрмыстық химия, төсек-орын сынды заттарды әкеліп берді. Су соратын помпалар да бар. Қазір барлық халық бірігіп, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қол ұшын созып жатыр. Мысалы, бүгін такси жүргізушілері өз көліктерімен, жүкті тегін жеткізді. Біз осыған дейін Астанадағы кәсіпкерлер палатасымен бірігіп Қостанайға көмек жөнелттік. Қазір әр адам шамасына қарай көмекке келе алады», – дейді «Ерекше әлем» ҚҚ өкілі Әділ Қалықов.

Облысқа жеткізілген гуманитарлық көмек аудандарда судан зардап шеккендерге таратылатын болады. Бүгін тауарлардың бірінші легі Есіл ауданына жөнелтілетін болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 2000 жуық оқушы қашықтан білім алып жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x