Қызылжар ауданында жедел жәрдем көлігі тұрғын үйдің қоршауы мен маңында тұрған ГАЗель көлігіне соғылды. Оқиғаға кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылыды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, JAC маркалі жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан қоршаумен оның маңында тұрған ГАЗель машинасына соғылған. Қазіргі кезде көлік арнайы тұраққа қойылды. Ал жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Оқиға тоғызыншы мамыр күні, Бескөл ауылында орын алды. Жедел жәрдем жүргізушісі алкогольдік ішімдік ішпеген. Оған қатысты әкімшілік кодекстің 610 бабы бойынша айып тағылып, жауапқа тартылды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да орман өртін сөндіретін бекеттер талаптарға сай келмейді