СҚО-да үш күн ішінде 50-ге тарта жалған хабарландыру таратылған

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау туралы әр үшінші хабарландыру – алаяқтардың әрекеті. Үш күн ішінде 50-ге  тарта жалған хабарландыру анықталған. Бұл туралы полицейлер хабарлап отыр. Олар WhatsApp мессенджерінде құрылған чаттарға мониторинг жүргізген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Су тасқыны орын алғаннан бастап WhatsApp мессенджерінде түрлі топтар құрылып, оларға қаланың және облыстың тұрғындары қосыла бастады. Негізінен онда табиғат апатынан туындаған проблемаларды талқылайды, ойларымен бөліседі, зардап шеккендерге көмек ұйымдастырады. Полиция департаментінің қызметкерлері аталмыш топтардың  әкімшілерімен үнемі байланыста, алаяқтық белгілері бар болуы мүмкін әрбір ақпаратты тексереді.

«Соңғы уақытта су тасқынынан зардап шеккен адамдардың банктік карталарының нөмірлері және көмек сұрау туралы өтініштері көрсетілген хабарландырулар тарап кетті. Олардың барлығын көптеген тұрғындар көрді. Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері осындай хабарландыруларды, нақтырақ айтқанда, суретте, мәтінде көрсетілген адамдар жайлы, олардың есепшоттары туралы мәліметтердің шынайылығын жіті тексереді. Үш күн ішінде алты үлкен чатта 50-ге тарта жалған хабарландыру анықталды. Олардың арасындағы көмек туралы әр үшінші хабарландыру жалған болып шықты. Хабарландырулар жойылды, авторлардың чаттардағы нөмірлері бұғатталды», — дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди.

Полицейлер қаржылық сұрақтармен байланысты кез келген ақпараттың шынайылығына көз жеткізуге және барынша сақ болуға кеңес береді. СҚО тұрғындары күмәнді хабарландырулар мен сілтемелерді тексерту үшін криминалдық полиция басқармасының қызметкеріне + 7 747 429 0203 WhatsApp нөміріне жібере алады.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі су астында қалған Прибрежное ауылының тұрғындарымен кездесті

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x