Петропавлға 10 тонна гуманитарлық көмек келді

Бүгін «Түркі мемлекеттері мәдени мұрасының халықаралық қоры» Петропавлда су тасқынынан зардап шекен тұрғындарға 10 тонна гуманитарлық көмек жеткізді. Ол жерде азық-түліктен басқа да тұрмысқа қажетті заттар бар, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.

Бұл гуманитарлық көмек бір күнде жиналған. Заттар қазір аудан орталықтары мен қаладағы эвакуациялық пункттерді паналап отырған отбасыларға таратылатын болады.

«Бұл гуманитарлық көмекті жинайтын кезде түрлі қиындықтар туындады. Себебі, Астана қаласының өзінен, яғни базарлардан көп тауарларды алып кеткен. Біз 50 шақты қайық  аламыз деп едік. Бірақ қолда барын алып келдік», – деді «Түркі мемлекеттері мәдени мұрасының халықаралық қоры» өкілі Сұлтан Исмаилов.

 

Петропавлға 10 тонна гуманитарлық көмек келді

Келген жүкті Amanat партиясының өкілдері, волонтерлер, тұрғындар – барлығы жұмылып түсіріп алды.

«Елімізге қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысымыз шексіз. Біз осы жерде жүктің барлығын қабылдап, гуманитарлық көмекті бөлетін жерлерге  таратамыз», – Amanat партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Болат Данияров.

Петропавлға 10 тонна гуманитарлық көмек келді

Қазір су тасқынынан зардап шекендерге көмегін аямай қол ұшын беріп, тегін азық-түлік таратып жатқан адамдар да баршылық. Солардың бірі Тайынша қаласынан арнайы келген – Асет Жарқынбаев пен Дастан Убаев. Олар осымен екінші рет қалаға келіп, тұрғындарға керекті заттарды таратып жатыр.

«Тайынша ауданының әкімдігі және тұрғындарының атынан петропавлдықтарға 3,5 тонна жүк алып келдік. Азық-түлік, су, киім кешектер бар. Әскери қызметшілерге де жол жөнекей қажетті заттарын тастап кеттік», – деді Тайынша қаласының тұрғыны Әсет Жарқынбаев.

Тағы оқыңыз:СҚО-да үш күн ішінде 50-ге тарта жалған хабарландыру таратылған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x