СҚО-да сорғы станциясы паром өткеліне орнатылады

Солтүстік Қазақстанда тұрғындарды сумен қамту үшін әскери инженерлер сорғы станциясын паром өткеліне орнатып жатыр. Ол өңірге Қонаев қаласынан жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сәуірдің 17-сі Солтүстік Қазақстан облысына Қонаев қаласынан әскери инженерлер келді. Олар қазір Пестрое көлінде «Қызылжар су» ЖШС мамандарымен бірге сорғы станциясын паром өткеліне орнатуда.

«Бұл қалқымалы понтон өткелінің көлемі – 6,5х6,5. Аталған паром 20 тонна жүкті көтере алады. Мұнда сорғы станциясы болады. Бұл жұмыстар 2-3 күннің аясында аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Барлығы қаланы сумен қамтып отырған кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты. Аталған паром өткелі өңірде уақытша орнатылған. Су тасқынының беті қайтып, жол қатынасы реттелгенше жұмыс істейтін болады», – деп мәлімдеді ҚР ҚК Бас штабының инженерлік әскерлер департаменті бастығының орынбасары Мадияр Уәлиев.

Алдағы күндері өңірге тағы екінші паром өткелі жеткізіледі. Ол Қызылжар ауданының Прибрежное ауылында орнатылады. Қалқымалы понтон ең алдымен электр желілерін жөндеп жүрген энергетиктерді тасымалдау үшін керек. Бірақ қажет болған жағдайда тұрғындарды да эвакуациялауға мүмкіндік бар.

Тағы оқыңыз: Петропавлға 10 тонна гуманитарлық көмек келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x