СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Прибрежное ауылының тұрғындарымен кездесті. Өңір басшысы қиын сәтте ауылдықтарға қолдау көрсетуді жөн көріп, су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барынша көмек көрсетілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды, оларға барынша жауап берілді.  Ауылда әкімдік тұрғындардан келтірілген шығынды өтеу туралы өтініштерді қабылдауды бастайды. Ол үшін эвакуациялау пунктінде Старлинк спутниктік интернеті орнатылды.

СҚО әкімі су астында қалған Прибрежное ауылының тұрғындарымен кездесті

Су тасқынының алғашқы күндері тұрғындардың бір бөлігі ауылдан тікұшақпен көшірілді.

«Ауыл изоляцияда болғандықтан, халықты қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажет. Қызылжар ауданының әкіміне тұрғындарды қажетті заттармен қамтамасыз етуді және олардың өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырдым», – деп жазды облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында

Тағы оқыңыз:Kozybayev University студенттері Германиядағы Grіmme зауытының жұмысымен таныспақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x