Kozybayev University студенттері Германиядағы Grіmme зауытының жұмысымен таныспақ

Kozybayev University агротехнологиялық факультеттің студенттері Eurasia Group Kazakhstan ұсынған «Цифрлық агролидерлер» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жастар ауыл шаруашылығына арналған техника өндірісінің әлемдік көшбасшысы атанған зауыттың жұмысымен танысуға жолдама ұтып алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сайыстың финалы Көкшетау қаласында өтті. Қорытынды бағдарлама екі күнді қамтыды.

«Жыл сайын студенттердің байқауға деген қызығушылығы артып келеді. Өйткені, конкурс өзіңнің біліміңді дәлелдеуге, заманауи ауыл шаруашылығы туралы білуге, армандаған жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді», – делінген ұйымдастырушы компанияның парақшасында.

Командалық байқауда жерлес студенттер Диана Мартысюк, Виктория Пичугина және Алдияр Ғабдулин 1 орынды және 450 000 теңгеге сертификат алды. Алдияр жеке есепте де жүлдегер атанды және Данияр Қожахметовпен бірге 2 орынды жеңіп, Германиядағы Grіmme зауытына  баруға жолдама ұтып алды. Аталған кәсіпорын ауыл шаруашылығына арналған техника өндірісінің әлемдік көшбасшысы болып саналады.

Тағы оқыңыз: Жүргізуші куәлігін алу үшін автомектептерде оқу қайта міндетті болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x