Солтүстік Қазақстан облысында алдағы күндері күн жылынады. Күндіз ауа температурасы 12 гардусқа дейін көтеріледі, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қазгидромет мамандарының болжауынша екінші сәуірде өңірдің кей аудандарында қар, жауын жауады. Ауа температурасы + 8 градусқа дейін жылынады деп болжануда. Ал түнде — 3 градус болмақ. Соның салдарынан көктайғақ болады.
«Үшінші сәуір күні облыста күндіз + 10 градус жылы, ал түнде — 5 гардус болады. Күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Төртінші сәуірде күндіз термометр көрсеткіші + 7 + 12 градусқа дейін көтеріледі. Күн ашық болады», — деп жазылған Қазгидромет сайтында.
Бұл күндері желдің екпіні орташа 15-20 м/с болады. Ал Петропавл қаласы бойынша, ең жоғары температура + 10 болады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бірден екі аялдаманы қиратқан ер адам ұсталды