СҚО-да биыл 826 шақырым жол жөнделеді

Биыл облыстағы автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінетін қаржы 7 млрд теңгеге ұлғаймақ. Яғни, жалпы 47,4 млрд теңге бөлінеді. Қаржының 15,3 млрд теңгесіне республикалық маңызы бар тас жолдар жөнделсе, қалған 32,1 млрд-қа жергілікті жолдар мен көшелер қалыпқа келтіріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бюджеттен қаржы есебінен облыстың 826 шақырым тас жолы қайта қалпына келтіріледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Петропавл қаласының тұрғындарымен кездесу барысында айтты. Жиында өңір басшысы барлық жолдар сапалы түрде жасалуы керек екенін атап өтті. Осылайша, облыс әкімі 5 жыл ішінде қиыршық тас жолдарды асфальт жолға көшіруді тапсырды. Биыл Петропавл қаласының өзінде жалпы ұзындығы 37 шақырымнан асатын 51 көшені жөндеуге бес миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінген.

«Облыс әкімінің тапсырмасымен қиыршық тасты жолдарды асфальтбетонға көшіру бағдарламасын әзірледік. Қалада барлығы 212 осындай көше бар. Олардың жалпы ұзындығы 183,2 шақырымды құрайды. Биыл 44 көшеге асфальт төселеді. Оның 39-ында бұрын-соңды асфальт болмаған. Және 5 жылдың ішінде Петропавлдағы барлық қара жолдарды асфальтқа көшіруді жоспарлап отырмыз», – деді кездесуге қатысқан Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Тағы оқыңыз:Петропавлда жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x