Петропавлда көпқабатты үйдің тұрғындары үш айдан бері ыстық сусыз отыр

Петропавлдағы Парк көшесі, 21-ші үйдің тұрғындары үш ай бойы ыстық сусыз отыр. Бұл шағымдарын олар облыс әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыс орталығындағы көпқабатты үй 2023 жылдың қарашасында пайдалануға берілген. Бірақ, тұрғындар әлі күнге дейін ыстық су мен жылуға дұрыс жарымай отырғандарын айтып, шағымдануда. Әсіресе, жоғары қабаттағы пәтерлердің иелері қиындық көріп отыр екен.

«Әкімдікке бірнеше рет барып шағымдандым. Бірақ жауап ала алмадық. Осы сұрақ қашан шешіледі? Біз күтуден шаршадық. Мен әкімнің орынбасарына да жүгіндім. Ол хабардар. Бірақ олар үш ай бойы жауап бермеді. Бұл үйде тұратындардың 40% мүгедектер. Оларға мүлдем қиын болды. Жуыну үшін шәйнектерде суды жылытуға мәжбүрміз», – деді проблемалық үйдің төрағасы Зульфия Қабдрахманова.

Қала әкімі Серік Мұхамедиев аталмыш мәселеден хабардар. Бірақ жергілікті әкімдік мамандары барлық өтініш білдірген тұрғындарға жауап беріп үлгере алмай жатыр екен. Қала тұрғындарының мәселесін облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов өз бақылауына алды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 826 шақырым жол жөнделеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x