Петропавлда жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

Петропавлда көптен күткен «Қызылжар жастары» бағдарламасы іске қосылды. Қуанышты жаңалықты  СҚО әкімі Ғауез Нұрмұханбетов халықпен кездесу барысында хабарлады, деп жазды Qazaqstan Media.

Бұл жастардың тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған бағдарлама. Оған денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, энергетика, азаматтық қорғаныс салаларында жұмыс істейтін петропавлдық жас отбасылар қатыса алады.

Еске сала кетейік, «Қызылжар жастары» бағдарламасы туралы бірнеше жыл бойы айтылып келген еді. Енді міне, биыл жоба іске асырылып, қаржы бөліне бастайды.

«Айта кету керек, биыл Петропавлда 20 көпқабатты баспана салынады, оның біреуі жалдамалы коммуналдық үй. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 50 пәтер сатып алынды. Биыл тағы қосымша 93 пәтер алу жоспарлануда», – деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі оқушы бірнеше жыл мектепке бармаған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x