СҚО-да екі оқушы бірнеше жыл мектепке бармаған

Жамбыл ауданында бір отбасының екі бірдей баласы бірнеше жылдан бері мектепке бармаған. Енді олардың ата-анасының құқықтарын шектеу туралы шешім шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір прокурорларының айтуынша, облыста кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар тек қағаз жүзінде ғана жұмыс істейді. Оның үстіне қабылданған шешімдерде жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар айтылмайды, олардың орындалуын да ешкім бақыламайтын көрінеді. Мұндай олқылықтар барлық деңгейдегі комиссияларға ортақ. Жамбыл ауданында болған оқиға соның айқын дәлелі.

«Жамбыл ауданында бір үйдің екі баласы 2 жылдан бері мектепке бармаған. Аталған мәселені аудандық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия үш рет қарастырған. Алайда, олардың біреуіне де балалардың анасы қатыспапты. Ал комиссия мүшелері ешқандай шара да қолданбаған. Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана биыл ақпан айында көшпелі отырыс ұйымдастырылып, балалардың анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі көтерілді», – деп мәлімдеді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Сондай-ақ бүгіндері оның ата-ана құқығын шектеу туралы сотқа талап арыз дайындалуда.

Осыған дейін редакция Петропавлда екі балада туу туралы куәлік жоқ екені туралы жазған болатынбыз.

Тағы оқыңыз: СҚО-да оқушы қызды анасының достары зорлап кеткен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x