СҚО-да 90 мың адам МӘМС жүйесіне тіркелмеген

Солтүстік Қазақстан облысының 90 мың тұрғыны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелмеген. Яғни, тұрғындар аурухана мен емханалдарда тегін медициналық көмек ала алмайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

МӘМС жүйесінде тіркелмеген азаматтар жайында облыстық әкімдіктегі жиында сөз болды. Өңір жетекшісінің орынбасары Рүстем Құрмановтың айтуынша, жыл басында Солтүстік Қазақстанда 100 мың адам медициналық тұрғыда сақтандырылмаған болатын. Қазіргі кезде олардың саны 90 мыңға азайды.

«Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың тапсырмасы бойынша, жүйеде сақтандырылмаған тұрғындарды анықтау бойынша жұмыстарды бірінші сәуірге дейін аяқтау керекпіз. Алғашқы тізімде болған 100 мың адамның 9,6 пайызы сақтандыру жүйесіне енгізілді. Әлі 90 мың адам бар. Бұл көрсеткіш бойынша біз өңірлер арасында 12-ші орында тұрмыз. Сәуірге дейін аудан және Петропавл қаласының әкімдіктері бұл жұмысты бір жақты қылуы керек. Жұмысқа орналастыру болмаса жеңілдігі бар санатта тұрғындарды анықтау қажет. Осыдан кейін МӘМС жүйесінде жоқ адамдар үшін жарнаны аудан немесе қала әкімдігі төлейтін болады», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Бұл орайда азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі өзекті тұр. 2023 жылы 20 мың адам еңбекке тартылыпты. Биыл жоспар бойынша 18 мың адам тұр. Ол үшін 10 млрд теңге қарастырылған екен. Қазіргі таңда облыста 7800 кадр жетіспейді. Оның қатарын азайту үшін төрт мың тұрғынды оқыту көзделген.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x