СҚО-да құрылысы ұзаққа созылған нысандар бюджетке шығын келтіріп отыр

Солтүстік Қазақстанда құрылысы бір емес бірнеше жылға созылған нысандардың кесірінен қазына қаржысы тиімсіз жұмсалуда. Өйткені, жоба құны қайта-қайта өзгеріске ұшырайды. Проблема облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледж жатақханасының құрылысы үшін келісім 2021 жылы жасалған. Мердігерлер 244 орындық нысанды сегіз айда салып бітіру керек еді. Ол кезде жұмыстар 865,7 млн теңгеге бағаланды. Алайда, жұмыстар кешіктіріліп, құнына өзгерістер енгізілді. Одан кейін соммасы 1 млрд теңгеден де асып кетті. Яғни, нысанның құны бірден 214 млн теңгеге қымбаттаған. Мұндай мысалдарды әкімдіктегі жиында облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев көптеп келтірді.

Тағы бір осындай нысан ол – Жамбыл ауданы Пресновка ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені.  Алғашында жоба құны – 330,1 млн теңге болған. Сегіз айда қолданысқа берілуі тиіс кешенде шаруа әлі бітпеген. Ал сол аралықтан бері бағасы 178,5 млн теңгеге өскен. Саумалкөлде де дәл осындай кешеннің құрылысы 2019 жылы басталған. Бес айда салынуы тиіс жоба былтыр жыл соңында ғана қолданысқа берілген.

«Өзгеріс енгізілгенге дейін жоба құны – 353,6 млн теңге болды. Мердігер өз міндеттерін орындамағандықтан, сот процесстері болды. Сол себепті қолданысқа беру уақыты ұзартылды. Сметалық құжаттарға өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде жоба құны – 531,5 млн теңгеге өсті», — деді Қанат Дүзелбаев.

Ол сағызша созылған құрылыстарға кеткен бюджет ақшасын басқа салаға жұмсауға болатын еді, деп атап өтті. 

«Әкімдіктегілер уақытты жоғалтып алады, талап-арыз жұмыстарын жүргізбейді. Содан кейін олар жанталасып бюджетті түзете бастайды. Ал бюджетте көп ақша жоқ. Бізде өзге де шешімін табуы тиіс көптеген мәселелер бар. Ал біз болсақ, жобаларды түзетуге жібереміз. Келісімшарт жасалғаннан бастап бақылауға алыңыз. Бірақ, мердігерлерді қорқытып-үркітуге болмайды. Кез келген түзетуге саланың басшысы жауапты. Мемлекеттік ақшаны оңды-солды жұмсауға болмайды», — деді  облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз: Жүз күн: уәде мен жоспар

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x