СҚО-да «Лада Приора» мен «КамАЗ» соқтығысып, бір адам қаза тапты

Ақпанның 14-і күні 21:40-та «Петропавл – Есіл» тасжолында «Лада Приора» мен «КамАЗ» соқтығысып, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жол апаты Қызылжар ауданындағы Соколовка елді мекенінің маңында болған. Қазір көліктер арнайы тұраққа қойылды.

«Аталған факт «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, ақпанның екісі күні Есіл ауданындағы Покровка мен Петровка ауылдарының аралығында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Олардың біреуі оқиға орнында көз жұмса, 20 жасар қыз бір аптадан соң ауруханада қайтыс болды. Ал кеше 45 жастағы келіншек көз жұмды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да құрылысы ұзаққа созылған нысандар бюджетке шығын келтіріп отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x