СҚО-да жедел жәрдем қызметкерлері инсульт алған науқасты көлікке шанамен жеткізген

Солтүстік Қазақстанда жедел жәрдем қызметінің мамандары инсульт алған науқасты 400 метрдей жерде тұрған көлікке шанамен сүйреп әкелген. Себебі, жауған қалың қардан жол уақытылы тазартылмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жедел жәрдем қызметін таңғы 7:20 шамасында Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны шақырған. 56 жастағы ер адам өзін нашар сезінген. Басы айналып, денеснің сол жақ бөлігі жансызданыпты. Шақыртуға шыққан фельдешрлер мекенжайға жете алмай, 400 метрдей жерді жаяу жүріп өткен. Себебі, жол қардан тазаланбаған екен.

«Тексеруден кейін науқаста инсульт белгілері анықталды, көмек көрсетілді. Бірақ үйден жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізу қиын болды. Сол кезде  фельдшер Айдар Омаров пен Амир Широжеев   науқасты шанамен апаруға бел буды», — деп жазылған СҚО жедел жәрдем станциясының әлеуметтік желідегі парарақшасында.

Осылайша, инсульт алған ер адам уақтылы стационарға жатқызылды. 

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны алаяқтарға сеніп 5 млн теңгесінен айырылды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x